ҚР оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаныбек Жұмашев 1970 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы цехының технологы болып бастады.
1992-1993 жж. – «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасының ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы зертханасының инженері.
1993-1995 жж. – Ақтау қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищеде химия пәнінің оқытушысы.
1997 ж. – колледжде химия пәнінің оқытушысы, орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі.
1997-2000 жж. – Маңғыстау облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша жетекші маманы.
2000-2004 жж. – Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.
2004-2005 жж. – Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының м.а.
2005-2006 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының орынбасары, директоры.
2008-2010 жж. – Маңғыстау облысы Білім басқармасының бастығы.
2010-2012 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2012-2019 жж. «Нұр Отан» партиясында жұмыс істеді.
2019-2020 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2020-2021 жж. – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
2021-2022 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.