Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА  20 БІЛІМ ГРАНТЫ МЕН АРНАЙЫ ШӘКІРТАҚЫЛАР БЕРІЛДІ

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 198 оқушы өзара үздікті анықтады.

«Президенттік олимпиада - бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту. Олимпиада өткізілген 16 жыл ішінде 2500-ге жуық оқушыға өмірлік ұстаным, бағыт-бағдар айқындап берді. Сайыстың көптеген жеңімпаздары мен жүлдегерлері университеттерде оқуын аяқтағаннан кейін еліміздің әртүрлі салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр» - деді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Олимпиада қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломдары және алтын медальдарымен, 15 жүлдегер II дәрежелі дипломдары мен күміс медальдарымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломдары және қола медальдарымен марапатталды. 20 жеңімпазға оқуға білім беру гранттары табысталды:Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті - 10, «Тұран» университеті - 3, Alikhan Bokeikhan University - 5, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті - 2.

Сонымен қатар, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аталған оқу орнына түскен жағдайда арнайы шәкіртақы тағайындайтынын хабарлады.

Ссылка на источник: МОН РК