Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. Оған 1000-нан астам педагог қатысты, олардың 172-сі республикалық кезеңге өтті.

Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын: бейнероликтер, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейне подкаст түрінде рәсімдеді. Жұмысты жалғыз немесе командада дайындауға рұқсат етілді.

«Біздің педагогтер уақытпен қатар жүріп, лайықты жұмыстар көрсетіп жатқаны қуантады. Байқау басталғаннан бері 1000-нан астам өтінім келіп түсті. Осыдан кейін сарапшы қазылар алқасы үздік жұмыстарды іріктеп алып, орындар бөлетін болады. Биылғы "Педагогикалық идеялар панорамасының" ерекшелігі байқау бағыттары болды. Бейнесюжеттер алғаш рет пәндер немесе әдістер бойынша емес, функционалдық сауаттылық түрлері бойынша жасалды. Барлығы 12: ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық», - "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов тілге тиек етті.

Айта кетейік, конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Жүлдегерлерге 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар қарастырылған. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша ынталандыру сертификаты қарастырылған. Республикалық кезеңге іріктеуден өтпеген өңірлік кезеңге қатысушыларға қатысушылардың сертификаттары берілетін болады.

Ссылка на источник: МОН РК