Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДА 26 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оқу-ағарту министрі Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі оқушылармен кездесті. Олардың қатарында мектеп парламентінің көшбасшылары, ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары, дебаттар мен республикалық конкурстардың лауреаттары, құтқару клубының мүшелері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері бар.

Білім басқармасының басшысының айтуынша, 2022-2023 оқу жылында өңір оқушылары 222 республикалық және 26 халықаралық дәрежедегі медаль жеңіп алған. Павлодар облысының құрамасы бірнеше жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық құрама» атағын иеленіп келеді. Ең беделді әлемдік олимпиадалардың жүлдегерлері - №8 лицейдің оқушылары Владимир Роговский, Ринат Илюсизов, Даир Нұртаев Астанада Оқу-ағарту министрінің марапаттау рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылы облыста «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы тағайындалды.

Кездесуде оқушылар министрге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздерінің жетістіктері мен болашақ мақсаттары жайлы айтты.

«Бізді оқытып, тәрбиелеуге күн сайын қажыр-қайратын жұмсап, еңбек ететін мұғалімдеріме, мені үнемі қолдап отыратын ата-анама рахмет айтамын. Бізге сеніп артып, әрдайым тұрақты қолдауы көрсетіп келе жатқаны үшін Президентімізге алғыс айтамын», - деді информатика бойынша республикалық олимпиадалардың жүлдегері Александр Каминский.

«Пікірсайыс қозғалысы» фракциясының жетекшісі Аружан Нағыбаева үш жыл қатарынан оқушылар арасындағы пікірсайыстарға қатысып келе жатқанын айтады. Былтыр оның командасы Оқу-ағарту министрлігінің кубогын жеңіп алды.

«Біздің елімізде пікірсайыс қозғалысын дамытуға ерекше көңіл бөлінетініне қуаныштымын. Бұл оқушылардың зияткерлік қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға көмектеседі», - деді Аружан.

Кездесу соңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға еліміздегі білім саласының беделін арттыруға қосқан зор үлестері үшін алғыс айтып, табыс тіледі. Павлодар облысының 361 мектебінде барлығы 116 мыңнан астам оқушы оқиды.

Ссылка на источник: МОН РК