Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ӘЗІРЛЕГЕН БІРЕГЕЙ ГИДРОГЕЛЬДІҢ КӨМЕГІМЕН 15 ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ОТА ЖАСАЛДЫ

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген бірегей фибринді гидрогельді қолдану арқылы 15 қазақстандыққа тізе буынының шеміршегін қалпына келтіру операциясы жасалды.

Ота жасалғандардың көбі буын ауруларымен ауыратын 50 жастан асқан адамдар. Ал алғашқы науқас оң жақ тізе буынының артрозы бар 28 жастағы азамат болды.

Ғалымдардың айтуынша, ұқсас диагноздармен емдеудің бірнеше әдісі бар, бірақ гидрогельді қолдану - зақымдалған буындар мен шеміршекті толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жалғыз әдіс.

Сынықтар мен зақымдалған тізе буындарының жазылуын тездететін жаңа техниканың негізгі әзірлеушісі қазақстандық ғалым, Ұлттық биотехнологиялық орталықтың дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай. Ғылыми жобаға Ұлыбритания елшілігі қызығушылық танытып отыр. Гидрогель Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жасалды.

«Үш ай ішінде фибринді гидрогельдің клиникалық сынақтарында 15 еріктіге ота жасадық. Пациенттердің көпшілігі - буындарында жасына байланысты өзгерістері бар адамдар. Операция 15 минуттан 25 минутқа дейін созылады. Сондай-ақ барлық операция штаттық режимде жасалды. Науқастардың сауығу кезеңі алты айға созылады, бірақ егде жастағы науқастар үшін қалыпқа келу уақыты ұзағырақ болуы мүмкін. Осы кезең өткеннен кейін алғашқы нәтижелерді жариялай аламыз», - деді Вячеслав Огай.

Клиникалық сынақтар академик Н.Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында наурыз айында басталды.

Зерттеудің алғашқы екі кезеңі осы жылдың соңына дейін жалғасады. Кейін бірнеше орталықта клиникалық сынақтар өткізіледі, оның нәтижесі биомедициналық препаратты тіркеу, оны жаппай өндіру және буындарында жасына байланысты өзгерістері немесе өндірістік жарақат алған қазақстандықтарға кеңінен қолдану мүмкіндігі болуы тиіс. Процедура ақылы да, квота бойынша тегін де болады.

Әдістеме ҚР БҒМ ғылымды мақсатты қаржыландырудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасы аясында әзірленген.

Ссылка на источник: МОН РК