Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ОҚУЛЫҚТАР МАЗМҰНЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕНДІ

2024 жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстарын арнайы электрондық платформада жүргізуге көшіру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.Орталық өздерінде жүзеге асырып жатқан «Білім беру мазмұны мен білім беру ресурстарының сапасын бағалау жүйесі мен сараптаудың электрондық платформасын әзірлеу» кіші жобасының нәтижелерін жариялады.

«Министрліктің қолдауымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында «Білім беру мен ғылымды модернизациялаудың ғылыми негіздері» атты ірі бағдарлама қолға алынды. Ол арқылы білім беру мазмұнын сараптаудың электрондық платформасы әзірленді. Бұл сараптама жүргізу кезінде оқу әдебиеттеріне сапалы таңдау жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сарапшыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді», деді Орталық директоры Назира Абдрахманова.

Платформа сараптама жүргізу кезінде обьективті шешімдер қабылдауға, сараптама процесін мониторингілеуді цифрлық сервисте жүзеге асыруға көмектеседі.Қазіргі таңда электрондық платформаның тестік нұсқасын таныстыру мақсатында Алматы, Астана қалаларында республикалық семинарлар ұйымдастырылып, онлайн режимде де презентациясы жасалды.

Атап өткен жөн, бұл платформа жабық, оған тек сарапшылар, баспа өкілдері және орталықтың сыртқы сарапшылары ғана кіре алады.Электрондық платформа қолданысқа берілгеннен кейін сараптама процесі толық автоматтандырылады, бұл сараптама процесін жеңілдетіп, сарапшы назарының тек оқулық мазмұнында болуына мүмкіндік береді.

Ссылка на источник: МОН РК