Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Оқу-ағарту вице-министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

Оқу-ағарту вице-министрі Арай Уразова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болып, тұрғындармен кездесті, білім беру саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Оның ішінде мектептерді жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жүргізілуде. 2027 жылға дейін 2066 мектеп талшықты-оптикалық жүйеге, сондай-ақ 1993 мектеп Starlink интернет желісіне қосылады деп жоспарланған. Бүгінгі күні елімізде 1672 мектепке жерсеріктік интернет тартылды.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында балабақшаға кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді. Ол қазірдің өзінде екі өңірде пилот ретінде жүзеге асуда, 2024 жылдың соңына дейін еліміздің басқа да өңірлері жобаға қосылады. Сондай-ақ eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» қызмет көрсету сервисі іске қосылды. Бұл жерде білім туралы, сондай-ақ білім алушы туралы қосымша деректер қолжетімді болады. Тағы бір бөлісетін жаңалығымыз, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, білім беру өнімдерінің маркетплейсін құру қолға алынды», - деп атап өтті Арай Уразова.

Вице-министр тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Барлық сұрақтарға жауап беріп, кейбір зерделеу мен пысықтауды қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауына алатынын айтты. Арай Уразова Батыс Қазақстан облысының бірқатар білім беру ұйымдарында болып, жұмыстарымен танысты.

Ссылка на источник: МОН РК