Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы Орта білім комитетінің бұрынғы төрағасы Гүлмира Кәрімованың өмірден өтуіне байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы Орта білім комитетінің бұрынғы төрағасы Гүлмира Кәрімованың өмірден өтуіне байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Гүлмира Раинбекқызы 45 жаста еді.

Гүлмира Раинбекқызы 25 жылға жуық білім беру саласында жұмыс істеді, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге және оқытуға арнады. Еңбек жолын Петропавл қаласындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Кейін директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болды. Петропавл қаласының білім бөлімін, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасын басқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы, Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Осы жылдың қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланды.

Еңбек жолында құрмет грамоталарымен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Біз Кәрімова Гүлмира Раинбекқызын мейірімді, жарқын адам және өз ісінің кәсіби маманы ретінде әрқашан есімізде сақтаймыз. Ол туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы

Ссылка на источник: МОН РК