Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

 

✅ Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтері тек үш құжат ғана толтыруы керек. Бұл туралы «Желіге шолу» жобасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова айтты.

✅ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен кездесті. Күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы мектептердің құрылысы мәселесі талқыланды.

✅ Қазақстанда алғаш рет мамандандырылған мектептердің оқушылары арасында роботтар фестивалі өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен 159 оқушы қатысады.

✅ ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында ант берді

✅ 2022 жылы мектеп пен колледж пікірсайысшыларының саны 28 мыңға өсті. Бүгінгі таңда 7 мың дебат клубына 123 мыңнан астам бала барады.

✅ Барлық бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары, сондай-ақ әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

✅ Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында 2022 жылдың қорытындылары шығарылып, 2023 жылға арналған жоспарлар айтылды.

✅ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық өңіріндегі бала құқықтары жөніндегі уәкілдерімен кездесті.

Ссылка на источник: МОН РК