Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жиынға министрлік өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесі мүшелері және еліміздің әр өңірлерінен келген жастар қатысты. Тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомство тарапынан атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәрбиені күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

«Бала тәрбиесі - бүкіл қоғамның міндеті. Барлығымыз біріге отырып, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырып, балаларға жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруіміз қажет. Осы жылдың қыркүйек айында барлық білім беру ұйымдарында оқушылармен, ата-аналармен және жұртшылықпен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған “Бірыңғай тәрбие бағдарламасы” енгізілді. “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары” жұмысын бастады. Олардың басты басымдығы - балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасында тығыз байланыс орнату, ата-аналармен жұмысты күшейту», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов еліміздегі барлық этностар арасында сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығына тоқталды.

«Білім беру сапасын арттыру біздің болашағымыз үшін маңызды міндет. Білім және тәрбие жүйесі азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда және өз елінің салт-дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуде шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті Марат Әзілханов.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар еліміздің бас педагогына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру мәселелеріне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға тұшымды жауап берді. Мұқият зерделеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ссылка на источник: МОН РК