Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Оқу-ағарту министрі педагогтерге мемлекеттік тілді дамыту, ел бірлігін нығайту жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн Астана қаласынан, Ақмола және Атырау облыстарынан бірқатар мұғалімдер марапатталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еңбегі жоғары бағаланған педагогтермен кездесті.

Министр ұстаздарға болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі үлестері үшін алғыс айтып, педагогтерді қолдау және олардың кәсіби мәртебесін көтеру - білім беру саласындағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Біздің ортақ міндетіміз - сапалы білім мен тәрбие беру, өскелең ұрпақ үшін ең жақсы үлгілерді қалыптастыру, білім мен мүмкіндіктер беретін қоғам құру. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздер еліміздің барлық мұғалімдерінің жарқын бейнесісіздер, сіздердің мамандыққа адалдықтарыңыз бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады», - деп атап өтті министр.

Педагогтер өз кезегінде мемлекеттің педагог қызметін жоғары бағалағанына зор ризашылықтарын білдіріп, кәсіби өсуге, оқыту әдістерін жетілдіруге қатысты өз ойларымен бөлісті.

«Балаларды оқыту арқылы біз тек білім беріп қана қоймай, жеке тұлға ретінде қалыптастырамыз, оқушыларымызға жоғары мақсат қою және оған жету дағдысын сіңіреміз және оларға табысқа жетудің жолын үйретеміз. Менің жұмысым - бұл мамандық қана емес, бұл менің елімнің болашағы алдындағы миссиям және жауапкершілігім», - деді Ақмола облысы Арайлы ауылынан келген орта мектеп мұғалімі Анастасия Ирубаева.

Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді дамытуға және достықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградалар табыстаған педагогтердің ішінде Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектептің мұғалімі Елизавета Александровна Шнайдер ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, Ақмола облысы Арайлы ауылындағы орта мектеп мұғалімі Анастасия Ирубаева «Шапағат»медалімен, Атырау қаласындағы №3 мектеп — гимназиясының мұғалімі Татьяна Нестеровна Любина «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ссылка на источник: МОН РК