Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Азаматтарды қабылдау орталығында оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 Қабылдауға еліміздің әр өңірінен қатысқан тұрғындар өз сұрақтарын онлайн форматта қоюға да мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты болды.

 Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алатынын ескертті. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 Айта кетейік, азаматтардың жеке қабылдауы өңірлермен қатар, Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимаратта орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайындағы азаматтарды қабылдау орталығында өтіп келеді.

Ссылка на источник: МОН РК