Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Конституция күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант қабылдау салтанаты өтті. Жаңа қызметкерлер ведомство басшылығы мен ұжымның алдында салтанатты жағдайда еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, кәсіби міндеттерін атқаруға және мемлекет мүддесін қорғауға ант берді.ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әріптестерін Конституция күнімен құттықтап, олардың еңбектеріне жеміс тіледі. «28 жыл бұрын тәуелсіздіміздің мызғымас іргетасы - еліміздің Ата заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, теңдігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісімнің негізіне айналды. Біздің басты мақсатымыз – бірлік пен ынтымақты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау болып қала береді», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ, ведомство басшысы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Ссылка на источник: МОН РК