Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

Пән оқытудың инновациялық әдістері ен­гі­зі­леді, қажетті оқу материалдары цифрлық фор­­матқа ауыстырылады.

(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

ОРЫНДАЛДЫ:

Ұйым басшылары мен мұғалімдері үшін «Шағын жинақты мектептерді басқарудың цифрлық шешімдері» және «Пән оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыптары бойынша білім беру бағдарламасы әзірленді. Курстардың ұзақтығы 2 апта (80 сағат), 5 пәннің – математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі педагогтеріне арналған.

Цифрлық құзыреттіліктерді дамыту бойынша шағын жинақты мектептердің 5 381 директоры мен мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету 95,5 пайызды құрайды.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар 1-11 сыныптарға арналған электронды оқулықтарға жазылып, баспа алаңдарында орналастырды.

2023-2024 оқу жылында 1-2-сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық» электронды оқулықтарына жазылу 100 пайыз қамтылды.

Ссылка на источник: МОН РК