Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

Білім берудің барлық деңгейлерінде – балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау

(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

__

ОРЫНДАЛДЫ:Үздіксіз экологиялық білім беру және барлық ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениетін дамыту моделі мектептердің 100 пайызында енгізілді.

1-4 сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің базалық мазмұнына: «Мен зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері» тақырыптары, соның ішінде қоршаған ортаның құбылыстарын бақылау, бақылау кезеңдері, эксперимент; қоршаған әлем, құбылыстар, процестер, нысандар кірістірілді.

«Экологиялық мәдениет» тақырыбы 5-9-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» пәні аясында, сондай-ақ «Жаратылыстану» білім беру саласындағы пәндердің мазмұны («Жаратылыстану», «Физика», «Химия», «Биология», «География») арқылы оқытылады.

Техникалық және кәсіптік білім берудің барлық білім беру бағдарламаларында (100%) экологиялық және мәдени білім беру ілімдерін меңгеру үшін оқыту нәтижелері қарастырылған. Экология саласында кадрларды даярлау контингенті 1310 адамды құрайтын 34 колледжде жүзеге асырылуда, оның ішінде 859 адам (65,5%) мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындықтан өтуде.

Ссылка на источник: МОН РК