Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Құжатта келесідей өзгерістер бар: Қазақстан Қырғызстандағы этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөледі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары кезінде Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалы ашылды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың былтырғы сапарында филиалды ашу туралы шешім қабылданған болатын.