Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МЕҢГЕРЕДІ

Ақтау қалалық Оқушылар орталығында 6-11 сынып оқушыларына арналған білім беру үдерісіне тігін өндірісін оқытудың цифрлық бағдарламасы енгізілді. 30-ға жуық қыз балалар енді модельдеуді үйренетін болады.

Маңғыстау облысы білім басқармасының хабарлауынша, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытып, озық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Ол үшін үйірме жұмысына әлеуметтік серіктестер жобалауды автоматтандыру жүйесі мен 3D – манекен бағдарламаларын ұсынып отыр. Енді 6-11 сынып оқушылары цифрлық жүйеде моделдеуді меңгереді.

«Тігін өндірісінің цифрлық технологияларын бұрын тек жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ғана оқитын, енді мектеп оқушылары 3D манекенімен киімді компьютер арқылы модельдеу үйірмесінде автоматтандырылған жобалау жүйесін үйреніп, өз жұмыстарын 3D манекенмен өлшеп көреді. Үйірме тегін және бұл алғаш жүзеге асып отыр», - дейді орталық директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алмагүл Кәрімова.

Айта кетейік, оқушылардың үйірмеде жасаған жұмыстары «Цифрлы модольер» құзыреттілігі бойынша «JuniorSkills» қалалық чемпионатында көрсетіледі.

Ссылка на источник: МОН РК