Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 2026 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 28 000 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН 26 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

Маңғыстау облысында апатты және үш ауысымдық мектептердің мәселесін, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында 28 мың орынға арналған 26 мектеп салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі облыс тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты. Биылғы жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 4 мектептің құрылысы қаржыландырылды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мың орынға арналған 21 мектеп салу жоспарлануда. Бұдан басқа биыл 63 мектеп модернизациялаудан өтті, 80 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды және 95 мектепте 225 физика, химия, биология, STEM пәндік заманауи кабинеттері жасақталды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа форматтағы мектептер салуға, оқушылар мен педагогтер үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Биыл құрылысы басталатын 217 мектеп 2024 жылға дейін пайдалануға беріледі. Апатты және үш ауысымды мектептердің орнына заманауи мектептер салынады», - деді Еділ Оспан.Оқу-ағарту вице-министрі балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Министрлік жыл бойы білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен, оның ішінде бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, дабыл түймелерімен, мамандандырылған күзетпен жабдықтау бойынша үздіксіз кешенді жұмыс жүргізгенін атап өтті. Сонымен қатар, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Ата-аналардың мектеп пен бала өміріндегі рөлін арттыру, сондай-ақ мектептерде қолайлы орта қалыптастыру мақсатында осы жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Кездесуде тұрғындар өз сұрақтарын ашық форматта қою мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, олар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім беруге қатысты мәселелер көтерді. Еділ Оспан барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ сапар барысында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, әрбір өтінішке жеке жауаптар және ол бойынша құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Ссылка на источник: МОН РК