«Шағын жинақты мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер» және «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыптары бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушылары үшін оқу бағдарламасы әзірленді. Шағын жинақты мектептердің 5 381 басшысы мен педагогтері цифрлық құзыреттіліктерді дамыту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Курстардың ұзақтығы 2 апта (80 сағат) және 5 пән бойынша – математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі педагогтеріне арналған.