Қазақстандық колледждер бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту мерзімін дербес анықтайды. Студенттерге еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған. Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35% үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі. Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға арттырылады.Екі жыл қатарынан еліміздің колледждерінде жұмысқа алу міндеттемесімен мақсатты тапсырыс бойынша 10 мың студентті қабылдау жүргізілуде. Сондай-ақ колледждердің материалды-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Дуальді оқыту 8 мың кәсіпорынның қатысуымен және 72 мың білім алушыларды қамтумен 558 ұйымда енгізілді. Колледждерге кәсіпорындардың шефтік қамқорлығы аясында 498 кәсіпорын 410 колледжбен меморандумға және келісімдерге қол қойды.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате