Белград қаласында (Сербия) әлемнің 9 елінен 98 оқушы қатысқан еуропалық географиялық олимпиада (Igeo) аяқталды. Оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Олар: Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;Аида Давлетова –Астана қаласының НЗМ 11 сынып оқушысы – күміс медаль;Қанат Серікбай – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – күміс медаль;Әрсен Сыдықов – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;Сабыр Жомарт – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль.«Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде берілді», – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.Айта кетейік, өткен жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате