Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости
27.12.2024
Министр азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдады. Қабылдау кезінде мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік және техникалық білім, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты сұрақтар көтерілді.
Ведомство басшысы азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауына алынды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да ұйымдастырылады.
Ссылка на источник:
МОН РК