Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Оқу-ағару министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбеге жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Азаматтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және олардың сапасын арттыру мәселелеріне қатысты сауалдарын қойды.

Министр барлық өтініштерге жан-жақты түсініктеме берді. Қосымша уақыт пен зерделеуді қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Айта кету керек, Оқу-ағарту министрінің өңірлерге сапарында, сондай-ақ Астана қаласындағы Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында, қоғамдық қабылдауларда азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында жеке қабылдаулар өткізіліп тұрады.

Ссылка на источник: МОН РК