«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өтті.
«Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту», - деді министр.Айта кетейік, 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асыру осы жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Ол шамамен 5 миллион баланы қамтиды. Білім алушылармен тығыз жұмыс жасау үшін «Өркен» Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мен «Өрлеу» БАҰО АҚ базасында 72 сағаттық бағдарлама бойынша арнайы педагогикалық курстар өткізіледі.