Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады

 Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.

 Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.

 «Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам», — деп атап көрсетті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің басты міндеті — әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектесу болып табылады.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Ссылка на источник: МОН РК