Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Біз «БҒМ жаңалықтарының дайджесті» айдарын жалғастырамыз

Құрметті достар!

Біз «БҒМ жаңалықтарының дайджесті» айдарын жалғастырамыз. Бұл жолы апта ішінде шыққан жаңалықтарымыз өте көп.

Алдымен оқушыларымыздың көктемгі каникулға шыққаны туралы жаңалықтан бастайық. Дүйсенбі күні министр Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында каникул 19 наурызда басталып, 30 наурызды қоса алғанда жалғасатынын хабарлады. Оқушыларымызға демалыста күш-қуат жинап, уақытты пайдалы өткізуді ұмытпауды тілейміз! Мысалы, кітап оқу. Дегенмен демалмайтын 14 мыңнан астам оқушыда бар. Олар облыстық зияткерлік олимпиадаларға қатысады. Ал бұл келесі жаңалық.

Облыстық олимпиада 24-30 наурыз аралығында өтеді. Айта кетейік, биыл қатысушылар облыстық кезеңнің ашық әрі әділ өткенін айтып жатыр. Мұның бәрі министрліктің Олимпиаданы автоматтандыру жұмыстарын жүргізгендігінің арқасында. Енді олимпиадалар электронды форматта өткізіліп келеді және әр қатысушының алдына бір камера орнатылады. Мұның бекер емес екені сөзсіз. Себебі ережені 90 рет бұзуға тырысқандар анықталды. Министрлік оқушыларымыздың ел намысын әлемдік деңгейде лайықты көрсете алуы үшін олимпиадалар ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Сол себепті барлық қатысушыға сәттілік тілей отырып, жеңістердің әділ болатынын атап өтеміз. Технология мен министрліктің қырағы қызметкерлеріне рахмет!

Сонымен қатар дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары еліміздің барлық өңірінде өтініштер қабылдауды жалғастырып жатқанын еске саламыз. Егер сіз дәл осындай балаларды білсеңіз немесе өзіңіз дарынды баланың ата-анасы болсаңыз, онда осы жылдың 1 сәуіріне дейін www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн тіркеуден өтіп, құжаттарыңызды тапсырыңыз. Қош келдіңіз!

Айтпақшы, елімізде балаларға жақсы білім беретін еңбекқор, талантты педагогтер көп екенімен келісесіздер деп ойлаймыз. Олардың бірі туралы «Дарынды ұстаздар туралы» айдарымызда сөз еттік. Маңғыстау облысының математика пәнінің мұғалімі ауыл мектебінде балаларды түрлі олимпиадаларға белсенді әрі тегін дайындайды. Оның оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ал ұстаз өз тәжірибесімен әріптестерімен бөліседі. Біз әріптесімізге алғыс айтып, жұмысыына табыс тілейміз!

Енді колледждер туралы жаңалықтар айтайық.

Соңғы 2,5 жылда дуалды білім беру жүйесі бойынша оқитын студенттер саны 2 есеге артты. Дуалды оқыту кезінде колледждерде теорияны жүзінде ғана оқытып қоймай, сонымен бірге студенттер өндірісте тәжірибеден өтеді. Яғни колледждер студенттерге зауыттар мен фабрикаларда оқуға мүмкіндік беретін кәсіпорындармен жұмыс істейді. Оқу кезінде студенттер кәсіпорындарда оқып, қажетті білім, тіпті жалақы алады. Мәселен, Петропавлдағы машина жасау және көлік колледжі студенттерінің орташа жалақысы 58 000 теңгені құрады.

Тағы бір колледж туралы. Яғни әңгіме Шығыс Қазақстан облысындағы геологиялық барлау колледжі туралы болады. Әзірше ШҚО-да, бірақ жақын арада Абай облысында болады :) Онда қазақстандық және шетелдік геологиялық барлау компанияларымен ынтымақтастық орнатылды. Енді колледж студенттері мен түлектері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД және тіпті Африка елдерінде жұмыс істеп, тағылымдамадан өтеді. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 96 пайызды құрайды. Сапалы білім үшін алғыс айтып, осы көрсеткішті 100%-ға жеткізуді тілейміз!

Енді ғылым туралы жаңалықтарға келейік. Қазір ғалымдарымыздың ашқан жаңалықтары туралы жиі айтып жүрміз. Жақында ғана Қазақстанда отандық ғалым әзірлеген гидрогельді қолдану арқылы бірегей операция жасалды. Ал осы аптада біз ғалымдарымыз жасаған қант диабетінің асқынуларын диагностикалаудың бірегей жүйесі туралы айттық. Ол көз түбінің ауруларын 90% дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе қазірдің өзінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарындағы 17 мемлекеттік және жекеменшік емханада енгізілген.

Сондай-ақ Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары Грузия мен Армениядан келген әріптестерімен бірге суды зарарсыздандыру бойынша зерттеу жүргізеді. Ол үшін ғалымдарға Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың гранты берілді. Бұл жобаны Жапония қаржыландырады.

Енді кадрлық тағайындауларға да тоқталайық. Бізге жаңа вице-министр келді. Бұл лауазымға Бейсембаев Ғани Бектайұлы тағайындалды. Ол Білім саласындағы еңбек жолын 1989 жылы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Министр Асхат Аймағамбетов әріптесін ұжымға таныстырып, еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша маңызды тапсырмалар берді.

Айтпақшы, тапсырмалар туралы. Президенттің берген тапсырмалары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы министр Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды. https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219791719039689/?d=n 

Қош келдіңіздер!

Қорытындылай келе, «Желіге шолу» айдарымыздың жаңа санын да шығарғанымызды еске саламыз. Өз пікірлеріңізді қалдыра аласыздар. Мүмкін министрлік өкілдері сіздің сұрағыңызға бейне форматта жауап береді. Айта кетейік, бұл жолы ресейлік жоғары оқу орындарының «Болашақ» бағдарламасына қосылуы, сынақ ҰБТ-ның құны және елдегі жекеменшік оқу орындарына құжат тапсыру туралы мәселелер көтерілді.

Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Мерекелік демалыс сәтті өтсін!

Ссылка на источник: МОН РК