Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Білім және ғылым министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша дайджест
24 қыркүйекте Білім және ғылым министрі Алматы қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарына іс-сапармен барды. Педагогтермен, директорлармен, ректорлармен және ғалымдармен бетпе-бет кездесулер өткізді. Ведомство басшысы білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударып, сұрақтарға жауап берді және айтылған идеялар мен ұсыныстарды назарға алды. Ғылымды дамыту. Қазақстандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірге Альцгеймер және Паркинсон ауруларына қарсы дәрі-дәрмек жасап жатыр.Бұған дейін: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Еуропалық Одақ грантын жеңіп алып, Португалия, Нидерланды, Дания, Ресей, Беларусь және Украина ғалымдарымен бірге әзірлеушілер тобына кірді. Мұның бәрі біздің ғалымдарымыз түйе тікенінің қасиетін зерттеу үшін Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің грантын алғаннан басталды. Нәтижелері Португалияда көрсетілді. Әрі қарай не болғанын енді білесіз. «QazVac» вакцинасын жасаушылар оның «Дельта» штаммына қарсы тиімді қорғаныс қалыптастыратынын атап өтіп, дәлелі ретінде зерттеулер туралы айтып берді. Толығырақ ақпарат қызықты болса, БҒМ ресми парақшаларынан немесе сайтынан көре аласыздар. Ал енді жоғары білім туралы. Биылғы оқу жылында 11 мың қазақстандық шетелдік жоғары оқу орындарынан еліміздің университеттеріне ауысты. Сондықтан студенттеріміздің шетелге оқуға кететіні туралы жаңалықты көргенде, мысалы, олардың 11 мыңы биыл қайтып оралып, өз отанында оқуын жалғастырып жатқанын біліңіз. Министрлік сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Шет тілдері және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылды.Қоса кетейік, біз білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент басшыларының телефон нөмірлерін жарияладық. Мәселен егер сізде мектептің бейнебақылау камерасы жұмыс істемейтіні немесе заңсыз ақша жинайтыны туралы ақпарат болса, сондай-ақ мұғалім педагогикалық этиканы бұзса немесе, керісінше мұғалімді халық санағына, вакцинацияланғандар туралы дерек жинауға және олардың міндетіне кірмейтін басқа жұмыстарға тартса осы департаменттерге хабарласуға болады. БҒМ педагогтерді тікелей міндеттеріне жатпайтын тапсырмаларға тарту фактілері анықталған жағдайлардың жолын кесетінін атап өткен жөн. Айтпақшы, мектептер заң жүзінде білім басқармаларына, ал білім басқармалары әкімдіктерге қарайды. Сондықтан да, де-юро және де-факто мектептерінде қаржыландыру, жағдай жасау функциялары жергілікті атқарушы органдардың қарауында болады.
Ссылка на источник: cсылка