Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Білім және ғылым министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша дайджест
Студенттер үшін қуанышты жаңалық — стипендия мөлшері артты. Бакалавр бойынша 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға көбейді. Медициналық және педагогикалық бағыттағы студенттердің шәкіртақысы 2 есеге жуық ұлғайды. Яғни, сәйкесінше 26 мың теңгеден және 42 000 мың теңгеден 54 000 теңгеге дейін өсті.Мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Қазір министрлік ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Педагог-ассистенттер даму ерекшеліктері бар оқушыларға мектепте ыңғайлы болуға көмектесіп, техникалық (сүйемелдеу қажет болса) немесе педагогикалық қолдау көрсетеді. Министрдің тапсырмасы бойынша барлық өңірде осындай 700 маман жұмысқа кірісті.Еліміздің колледждеріне де қатысты жағымды жаңалық бар. 2021 жылы грант ұтып алған және жеңілдіктер бойынша оқуға түскен студенттер саны өткен жылдармен салыстырғанда 16 мыңға артты. Гранттарды бөлу кезінде тегін білім алуды қажет ететін үміткерлерге басымдық берілді.Сонымен қатар қазақстандықтар магистратура мен докторантураға грантқа түсу үшін жылына 2 рет өтініш бере алады. Қабылдау дәстүрлі түрде тамызда және қосымша желтоқсанда ұйымдастырылады. Ол үшін қараша айында БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері тағы бір кешенді тестілеу мен емтихандар өткізу бойынша жұмыс жүргізеді.Ғылым туралы. Әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарына тағылымдамаға бара алатын ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Ұсынылған елдер мен университеттердің тізімі «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға және шетелдік әріптестермен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ біз оқу жылы басталғалы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың білім саласына қатысты қандай да бір мәселелерін және жазбаларын көріп жатырмыз. Жедел әрекет етіп, министрдің тапсырмасы бойынша шаралар қабылдау үшін біз әкімдіктердің білім басқармалары басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының нөмірлерін жарияладық. Оларға тікелей хабарласуға болады.Апта соңында қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-шы орынға тұрақтады. Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты. Жеңімпаздардың есімдері: Тайыр Сатубалдин – күміс медаль иегері, қола медаль иегерлері – Нұрасыл Әбдіразақ, Рахым Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сәкенов. Фетуллахтың Сам Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ссылка на источник: cсылка