Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІР АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА  ҚЫСҚАША ДАЙДЖЕСТ
Білім және ғылым министрі азаматтарды қабылдады. Бұл - екі апта ішіндегі екінші кездесу. Ведомство басшысы барлық сауалға толық жауап беріп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Кейбір сұрақтар бойынша Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді Жыл соңына дейін 37 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Қаржы орталығының басшысы хабарлады. Студенттер санының артуына байланысты министрлік жаңа жатақханаларды салу қарқынын жеделдету мен жатақханаларды реконструкциялау тетіктерін әзірледі. Жаңа жатақханалар нысаналы құрылыс есебінен, жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен де, сондай-ақ МЖӘ қағидаты бойынша салынатын болады. Яғни, инвесторлар жатақхана салады, ал министрлік мемлекеттік тапсырысты орналастырып, әрбір жатын орынға төлейді. Бұл тетіктер мәселені шешуде ұтымды. Түркістан облысында 9-11 сынып оқушыларына арналған жоба басталды. «Болашақ»бағдарламасының түлектері оқушыларға мамандық таңдауда көмектеседі. Олар бар ықылас-ниеттерімен кездесулер, семинарлар, мастер-класстар өткізіп, кеңестерін беріп, жол көрсетеді. Бір қуантарлығы жобаға ешбір қаражат кетпейді. Бұл жерде ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының пайдалы идеясы үшін және жақсы идеяға атсалысып жүрген болашақтықтарға алғыс білдіреміз. Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары жаңа оқу аудиториялар, зертханалар, орталықтар ашып, түрлі жабдықтар сатып алды. Ашылған зертханаларда отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары Жапония, Эстония, Латвия, Ресей және Беларусь университеттеріндегі әріптестерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр. Бұл туралы білгеннен кейін біз осы зертханалар мен аудиториялардың суреттерін сұраттық. Суретті көргенде біздің оқу орындар шетелдіктерден кем емес екендігіне көз жеткіздік. Суреттерді ҚР БҒМ ресми парақшаларына мақтанышпен жариялап қойдық. Егер сіз әлі көрмеген болсаңыз, онда бағалай кетуді ұмытпаңыз). Тағы бір жақсы жаңалықтың бірі – министрлікке қарасты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы артты. Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушылардың еңбек ақысы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) болуы тиіс. Бұл ретте, ведомствоның бұйрығы бойынша бір мөлшерлеменің ең жоғары көлемі енді 680 сағаттан аспайтын болады. Яғни, профессорлардың ғылыми зерттеулерге көбірек уақыт бөлуі үшін оқу жүктемесі төмендетілді. Мысалы, Жапония, Эстония және Латвиядағы әріптестерімен зерттеу жүргізу үшін). Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштерін біз жариялаған телефон нөмірлері бойынша қабылдайды. Қыркүйекте 3,6 миллион оқушы, 400 мыңға жуық мұғалім, 600 мыңға жуық студент және еліміздің 35 мыңнан астам оқытушысы үшін жаңа оқу жылы басталды. Әрине, білім беру саласына қатысты мәселелер ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Орын алған проблемалар туралы комитет пен аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне хабарлауға болады. Айтпақшы, алғашқы екі аптада 70-ке жуық өтініш түсті. Олардың ішінде өңірлердің бірінде мұғалімдерді гольф алаңын тазалау жұмысына тартқаны туралы ақпарат бар. Барлық осындай фактілер бойынша шаралар қабылданды. Бұл тақырып туралы толығырақ министрліктің сайтынан немесе әлеуметтік желілерінен оқуға болады. Министрлік мұғалімдерді осындай жұмыстарға тартуға қарсы екенін атап өткен жөн. Мұғалімдердің міндеті мектептерді жөндеу, халық санағын жүргізу немесе вакцинацияланған ата-аналардың тізімін жинау емес, балаларды оқыту екенін еске салудан шаршамаймыз. Тиісінше, БҒМ мұғалімнің функционалдық міндеттеріне жатпайтын тапсырмалар бермейді. Сондықтан мұндай фактілер болса министрліктің тиісті Комитетіне хабарлау қажет. Біз нөмірлерді жариялап қойғанымызды тағы бір рет ескертеміз.
Ссылка на источник: cсылка