Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласындағы аутизм орталығы мен мектеп жылыжайларына барды
Алматыға жұмыс сапары барысында «Асыл Мирас» аутизм орталығына бардым.   Балалармен жұмыс істеу үшін жасалған жағдайлар мен қолданылатын әдістемелермен таныстым.   Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту және оларды дамыту үшін осындай орталықтарды ашудың қаншалықты маңызды екенін сөзбен жеткізу қиын. Б. Өтемұратов қоры есебінен көптеген маман мінез-құлықты талдау бойынша оқытудан өтіп, қазір балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсетіп жатыр.   Қазіргі уақытта біз аталған орталықтарды жеке ұйымдар ретінде ҚР БҒМ «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы туралы» бұйрығына енгіздік. Бұл әкімдіктерге осындай ұйымдарды ашып, оларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және оңалту орталықтары мамандарының біліктілігін арттыруды жоспарлап отырмыз.   «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту бойынша мектептердің қызметін үйлестіру жөніндегі ресурстық орталық ашылды.   Сондай-ақ инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтарды ашып, педагогтерді оқытумен айналысып жатқан «Дара», «Болашақ» қорларының және басқа да ұйымдардың зор үлесін атап өткім келеді. Сонымен қатар «Жасыл мектеп» жобасы аясында іске қосылған мектеп жылыжайларына бардым. Бүгінгі таңда Алматыда осындай 16 жылыжай жұмыс істейді. Бұл жерде оқушылар педагогтермен бірге көкөністер мен өсімдіктерді өсіре алады. Алдағы уақытта жобаны басқа өңірлерде де енгізу жоспарланып отыр.   Қала мектептеріндегі мұндай жаңашылдық балаларды еңбекке баулып, экологиялық мәдениетін дамытады және мектеп кезінен бастап практикалық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219176314814968/?d=n 
Ссылка на источник: cсылка