Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Білім және ғылым министрі Алматы қ. орналасқан «Ғылым ордасы» орталығына барды

Алматыға жұмыс сапары барысында «Ғылым орда» орталығында болып, Ғылыми кітапхананың, мұрағаттың, сирек басылымдар қоймасының жұмысымен таныстым.

Орталықтың құндылығы ерекше, себебі онда біздің ғылыми және мәдени мұрамыз, отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу және ағартушылық жұмыстары сақталған.

«Қаңтар трагедиясы» кезінде болған оқиғаларды ескере отырып, осындай өте құнды қорлардың сақталуын қамтамасыз ету өте өзекті.

Оларды цифрландыруды жүргізу, резервтік көшірмелер жасауды, каталогтандыруды, қызметкерлерді оқытуды, қолжазбаларды және басқа да дереккөздерді ғылыми айналымға енгізуді, ежелгі құжаттарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ өткен оқиғалар аясында олардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды.

Сапарымның қорытындысы бойынша арнайы өнеркәсіптік сканерлерді, тозған құнды кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіруге арналған зертханалық жабдықтарды, сақтауға арналған арнайы сөрелер мен жәшіктерді, сондай-ақ қоймаларды қажетті температуралық жағдайлармен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, ғалымдармен бірге біз ғылыми орталықтың жұмысын жаңа деңгейге көтеру мәселесін талқыладық.

Өз тарапымнан, министрлік ғылыми жұмыстарды цифрландыру, білікті мамандарды тарту, Ұлттық мұрағат қоры материалдарының резервтік көшірмелерін жасау және жалпы осы орталықтың барлық өзекті мәселелерін шешу мәселелерін бақылауға алатынымызды атап өткім келеді.

Ссылка на источник: МОН РК