Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯҒА»  30 ЖЫЛ ТОЛДЫ

«Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға Оқу-ағарту миристрі Ғ. Бейсембаев қатысты.

Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.

«Құрметті «Білім-инновация» лицейінің ұжымы, қадірлі ұстаздар! Баршаңызды «Білім-инновация» лицейлерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын. Бұл еліміз үшін айтулы оқиға. Сіздер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанның орта білім саласын дамыту және саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне зор үлес қосып келесіздер. Оқу орындары озық бағдарламалар мен тәжірибелерді басшылыққа алып, жастарға сапалы білім беруде. Оқушыларыңыздың республикалық және халықаралық олимпиадаларда талай мәрте топ жарып, үздіктер қатарынан көрінуі осының айқын дәлелі. Түлектеріңіз еліміздегі және әлемдегі беделді жоғары оқу орындарында білімін ұштап, әр салада табысты еңбек етіп жүр. Осы орайда, ұстаздар қауымына және барша ұжымға шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңізге жүктелген абыройлы міндетті әрдайым мінсіз атқарып, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ете бересіздер деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрі Премьер-министр Әлихан Смайыловтың, Премьер-министрдің білім жүйесіне басшылық ететін орынбасарының құттықтау хаттарын тапсырды.

Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен бес жаңа білім беру ұйымының құрылысына қаражат бөлінгенін айтты. Ведомства басшысы сондай-ақ, педагогтерді Премьер-министрдің Алғыс хатымен және Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілерімен марапаттады.

Ссылка на источник: МОН РК