Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Бақытты отбасының құпиясы - кітап

«Ұлттық кітап күніне» орай Жамбыл облысындағы балабақшалардың бірінде «Бақытты отбасының құпиясы - кітап» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара отбасы құндылықтарын нығайтуға, балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және ерте жастан оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Бұл шарада кітаптың бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше екені айтылып қана қоймай, кітапты ата-анамен бірге оқудың отбасы байланысын нығайтудың тиімді жолы екеніне екпін салынды. “

Мұндай бастамалар балалардың зияткерлік дамуына жағдай жасап, ата-ана мен баланың бірлескен оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді”, - дейді тәрбиешілер.

Шара барысында балабақшадағы балаларға арналған заманауи кітап оқу кеңістігі таныстырылды. Орталықта кішкентай оқырмандар үшін ыңғайлы оқу аймақтары, ерекше дизайндағы кітап сөрелері және түрлі жастағы балаларға арналған әдебиеттер қоры ұсынылған.

Ссылка на источник: МОН РК