Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Гүлшат Онланбекқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының директоры болып тағайындалды.

Гүлшат Онланбекқызы 1973 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор. 100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбегі бар.

1991 жылы «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығы бойынша Абай атындағы педагогикалық училищесін бітіріп, 1995 жылы педагогикалық институтта «Тәрбиеші. Мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы» мамандығын тәмамдаған.

2004 жылы - «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аспирантура бітірген. 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын М. Х. Дулати ТарМУ оқу бөлімінің маманы болып бастады.

2000 жылдан 2006 жылға дейін М. Х. Дулати атындағы ТарМУ «Психология» кафедрасының аға оқытушысы, доценті.

2007 жылдан 2010 жылға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика» кафедрасының доценті.

2010 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығы «Білім берудің стратегиялық менеджменті» институтының директоры.

2012 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім беру статистикасы және білім сапасын бағалау ұлттық орталығы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болды.

2014 жылдан 2022 жылға дейін Жамбыл облысы, Астана қаласы, Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалдарын басқарды.

2022 жылдан бүгінге дейін Білім беруді дамытудың мемлекеттік емес ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметін атқарып келді.

Ссылка на источник: МОН РК