Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости
30.05.2022
Жаңа бұйрық бекітілді
Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді.
Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын.
Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.
Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді. Оқушыларымыз әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейін. Осылайша ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленген болатын.
Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады.
Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02Gei1XatYU9JdwxtXhuW3agSM8vnuoNZn191pt8ErmURV33AHwJf6iEnSLXC4ZVqMl/?d=n
Ссылка на источник:
МОН РК