Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Асхат Аймағамбетов ЮНИСЕФ пен ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы бірлескен талдауы туралы

Сіздерді білім саласындағы қызықты және маңызды зерттеулермен таныстыруды жалғастырамын. Бұл жолғы талдау - ЭЫДҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен талдауы. PISA-2018 нәтижелері бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы білім сапасы туралы көптеген пайдалы ақпарат бар. Талдау жаңа, 2021 жылғы.Төмендегі графиктер педагогикалық білім мен мұғалім мамандығын дамыту бойынша қабылданған шешімдердің дәлелдер базасын толықтырады. Графиктер – бұл «Педагог мәртебесі туралы» заң не үшін қажет болғаны, педагог мамандығына түсу үшін шекті балды күрт көтерудің, мұғалімдерді аттестациялау мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізу мен оны жетілдірудің себебі, сондай-ақ неліктен мамандыққа жіберу үшін дипломы бар университет түлектеріне емтихан тапсырудың, жұмысқа орналасудың конкурстық жүйесін енгізудің және т.б. жауабы. Деректер қолайсыз, бірақ енгізіліп жатқан қажетті шаралардың маңыздылығын растайды.Есепке сілтеме: https://www.oecd.org/countries/georgia/education-in-eastern-europe-and-central-asia-ebeeb179-en.htm

 

https://t.me/aimagambetov/100 

Ссылка на источник: МОН РК