Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости
13.10.2022
Тағы бір есеп беру кездесуі өтті. Бұл жолы еліміздің ең ірі қалаларының бірі – Шымкент қаласының тұрғындарымен кездестім. Жиынға келгендердің қатары көп болды. Қазақстан халқы ассамблеясы сарайына 1 000-ға жуық адам жиналды.
Тұрғындармен кездесуде министрлік атқарып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарына, жаңашылдықтар мен маңызды өзгерістерге, Президенттің қолдауы арқасында қол жеткен нәтижелерге қысқаша тоқталдым.
Дәстүр бойынша уақыттың көп бөлігі сұрақ-жауап сессиясына арналды. Сұрақтарды оқушылардың ата-аналары, мұғалімдер, тәрбиешілер, журналистер, кәсіподақ өкілдері қоя алды. Қала мектептерінің қамқоршылық кеңесі өкілдерінің білім беру мәселелеріне белсенділігі мен немқұрайлы қарамайтынын жеке атап өткім келеді.
Мұғалімдерді конкурстық негізде қабылдау, сондай-ақ қазір біз айналысып жатқан мәселе - балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, педагогтердің сағат жүктемесі, мектеп директорларын ротациялау, мектептерде балаларды дебатқа үйрететін мұғалімдерге қолдау көрсету тақырыптары көтерілді. Ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін заңмен күшейту, балаларды зияткерлік олимпиадаға дайындайтын мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын әзірлеу, оқушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту шараларын қабылдау туралы ұсыныстар айтылды. Барлық айтылған ұсынысты біздің министрлік сараптайды.
Көптеген азаматтың жеке сұрақтары болғандықтан, есеп беру кездесуінен кейін оларды жеке қабылдадым.
Кездесуге уақыт бөліп келгендердің барлығына білім саласына бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтқым келеді.
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0LBmmQdnTwAHcRCy7DoZHccxPFkjSJ9H4dX2V4vT7YL7reU7h92vsRydHatkro63nl&id=1120704037
Ссылка на источник:
МОН РК