Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Асхат Аймағамбетов Республика күніне орай білім беру қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының атынан министрлік қызметкерлері мен білім саласының дамуына үлес қосқан ұстаздарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады. Оқу-ағарту министрлігі елордадағы Оқушылар сарайында салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Сондай-ақ қонақтарға өнерлі балалардың қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.Министр ведомство ұжымын мемлекеттік мерекемен құттықтап, табыс пен жаңа жетістік тіледі.

«1990 жылы 25 қазанда еліміздің Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Бұл – маңызды құжат әрі маңызды мереке, Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізі. Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мерекені қайта жаңғыртып, еліміздің ең басты мерекесі ретінде бекіту туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастаманы халық қолдап, міне, бүгін мерекені бірге тойлап жатырмыз. Әрине, біз үшін тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ. Бұл - біздің басты байлығымыз, құндылығымыз. Біздің барлық жетістігіміз – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің арқасы», – деп айтты министр Асхат Аймағамбетов.

Министр Мемлекет басшысының атынан «Парасат» орденін білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының өкіліне табыс етті. «Құрмет» орденімен Алматы қаласындағы РФММ-нің физика пәні мұғалімі Юрий Довгаль, Оқу-ағарту министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова марапатталды.Қаржы орталығының басқарма төрағасы Асқар Ибраимов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова, Ұлттық білім академиясының басшысы Мәдина Тыныбаева, Оқу-ағарту министрлігі департаменті директорының орынбасары Жанат Игісінов және басқа да мамандар «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Астана қаласындағы №27 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, Семей қаласының №15 орта мектебінің еңбекке баулу пәні мұғалімі Әсемхан Уажанов және өңірлердің басқа да педагогтері марапатталды. Сондай-ақ ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Ссылка на источник: МОН РК