Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Асхат Аймағамбетов Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық етуі туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.   Келісімнің басты бағыттары: - Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы. - Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. - Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру. - Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу. - Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту. - Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.   Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.   Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10220040696303965 
Ссылка на источник: МОН РК