Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Асхат Аймағамбетов Қарағанды ​​облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, ата-аналар қауымы, үкіметтік емес ұйымдар, тәрбиешілер мен журналистердің сұрақтарына жауап берді
Тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізуді жалғастырып жатырмын. Кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарымен бардым. Жиынға облыстың 400-ге жуық тұрғыны қатысты.   Екі сағаттан астам уақыт бойы ата-аналар қауымы, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Оның үстіне әр қатысушы бір емес, бірден 4-5 сұрақ қойды.   Олар балабақшаларды лицензиялау, оқулықтардың мазмұны, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен тәлімгерлеріне төленетін төлемдер, оқушылар арасында шахмат қозғалысын дамыту, білім беру ұйымдарындағы штат, инклюзивті білім беру, білім беру үрдісіндегі тәрбие сияқты түрлі тақырыптарға қатысты болды.   Сондай-ақ білім саласына бей-жай қарамайтын ата-аналардың бірімен мемлекет пен жеке ұйымдарға интернаттар салу кезінде МЖӘ шеңберінде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін НҚА-ға енгізілетін түзетулер жайында талқыладық.   Барлық қойылған сұраққа жан-жақты және нақты жауап беруге тырыстым.   Халықпен есеп беру кездесуінен кейін Қарағанды облысы әкімшілігі мен білім басқармаларының өкілдерімен, сондай-ақ облыстағы колледж басшыларымен кездесу өткіздім.   Әр кездесу сайын әріптестерімнің сұрақтарының мазмұны мен бағыты өзгеріп жатқанын байқап жүрмін. Мәселен, кеше ғана білім басқармаларының бұрынғыдай аудан әкімдіктеріне емес, облыстың білім басқармаларына бағынатынының оң әсерін атап өтті. Бұл бірден ауқымды проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, мұғалімдердің тікелей міндетінен тыс функцияларға жиі араласуы. Әріптестер бұрын өздерінің түрлі іс-шараларға қатысып, негізгі жұмыстарынан алшақтап қалатын кездерін еске алды. Қазір жағдай мүлде басқаша, себебі педагогтер заң бұзылған жағдайда құқықтары қорғалатынын біледі. Өйткені білім бөлімдері қазір білім беру мәселелерімен тікелей айналысады.   Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы тамақтану және баға саясатын қалыптастыру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары, әдістемелік кабинеттердің жұмысы, колледж студенттерінің жатақханасын күтіп ұстау, арнайы пәндерді оқыту, оқу жүктемесі мәселелері талқыланды. Нормативті құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін ұсыныстар да айтылды.   Кездесулерге қатысқан барша отандасыма уақыт бөліп, білім саласына бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтамын. https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid0JTtuUcpoLv4Wcg1pmmNH1DkbJvY5gHzX1jYBoiC1JP1FrCNjB5ESgVV76gqhRfidl/?d=n 
Ссылка на источник: МОН РК