Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Асхат Аймағамбетов Павлодар облысының білім беру саласының өкілдерімен және жұмыс берушілерімен кездесті
Павлодарға жұмыс сапарымда тұрғындар алдында есеп беру кездесуінен бөлек, басқа да бірқатар іс-шара өткіздік.   Оның ішінде өңірдегі ірі өнеркәсіп және ШОБ кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен колледж қызметі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.   Сонымен қатар ауданның және қаланың білім бөлімдері басшыларымен, қала мен ауыл мектептерінің және арнайы ұйымдардың директорларымен, балабақша меңгерушілерімен кездестім.   Колледждер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары дуалды оқытуды дамыту, мемлекеттік тапсырыстардың құнын арттыру, тәлімгерлік қызметке қаражат төлеу, кәсіпорындарға дуалды оқытуға арнайы киім мен шығындалатын материалдарға қаражат бөлу, кәсіби стандарттарды әзірлеу, оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ олар техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту туралы ойларын ортаға салды.   Ауданның, қаланың білім бөлімдері басшылары, қала және ауыл мектеп директорлары, арнайы ұйымдар және балабақша меңгерушілерімен кездесуде ПМПК-ның (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия) дамуы, мектепке дейінгі және орта білім беру, балабақшаларды лицензиялаудың маңыздылығы, оқу жылына дайындық, жазғы мектеп нәтижелері және басқа да мәселелерді талқыладық.   Павлодар облысы білім саласының өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесіп, көтерілген мәселелерді бірге талқылап, қойылған сұрақтарға жауап бергеніме қуаныштымын.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid0292CZ9iyUPFSkc66MJva48Umgdto9wWR23HgV6VZ9JqdyyrX9CVUskPfXp3pmSutZl/?d=n 
Ссылка на источник: МОН РК