Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН TIK TOK-ТА БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ НАСИХАТТАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Асхат Аймағамбетов Tik Tok компаниясының өкілдерімен кездесті.

Әлемдегі ең ірі интернет-платформаның өкілдері Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті. Бұған дейін министрлік Tik Tok-та парақша ашып, тараптар #ТикТоктаүйренҚазақстан бірлескен білім беру жобасын бастаған болатын. Мұнда пайдаланушылар әртүрлі ақпаратпен бөліседі. Tik Tok өкілдерінің айтуынша, білім беру бастамасы бар қазақстандық сегмент 10 млн рет қаралған, себебі видеолар ең танымал бөлімдерде көрсетілген. Шығыс Еуропа мен Ресейден келген қонақтар болашақта #Тиктоктағымұғалімдер және т.б жобаларды іске қосуды ұсынды.

«Біз басқа елдердің министрліктерімен біолесе жұмыс істейміз. Білім және ғылым министрлігінің ашықтығы, министрліктің жұмысын көрсетуге, аудиторияны білім беру жобаларына тартуға дайындығы қуантады. Оның біріншісі - #ТикТоктаүйренҚазақстан. Қазірдің өзінде қызығушылық танытып, көп қаралым жинап үлгерді. Министрліктің TikTok парақшасындағы оқырмандар саны үш есеге артты. Сондай-ақ қазақстандық университетпен тікелей  байланыс орнатып, басқа елдерден келген студенттер отандық университеттің ұсыныстарымен танысты. Министрлікпен бірлескен жұмысымызды жалғастырамыз деп үміттенемін», - деді Шығыс Еуропадағы үкіметтік байланыс және корпоративтік істер жөніндегі директор Сергей Соколов.

Өз кезегінде Білім және ғылым министрі жаңа интернет-сайттарда білім мен ғылымды насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Ол Қазақстанда қазірдің өзінде түрлі интернет-платформаларды қолданатын, түрлі сабақтарды заманауи және қызықты форматта түсіндіретін белсенді мұғалімдердің бар екенін атап өтті. Бұл әдіс, әсіресе, пандемия кезінде маңызды болды.

«Біз үшін мемлекеттік тілде білім беру және ғылыми мазмұнды құруға басымдық беріледі. Біздің ынтымақтастығымыз қазақ тілін және Tik Tok платформасында мемлекеттік тілдегі ғылыми-танымдық ақпаратты дамыту танымал болады деп сенемін. Бұл сіз осы платформада оқуға болады дегенді білдірмейді, бірақ білім беру мақсатында ресурстарды қосымша ақпарат көзі ретінде іске асыру пайдалы болар еді. Жақында мен түлектермен сөйлестім, олар оқулықтар мен басқа да білім беру ресурстарын пайдалана отырып дайындалып жатқанын, сонымен қатар ҰБТ-ға дайындала бастағанын, соның ішінде Tik Tok-тан ақпарат алатынын айтты.

Мен өзім әлеуметтік желілердің өте белсенді қолданушысы ретінде ақпаратты жеткізу үшін әртүрлі құралдарды пайдалану қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Мысалы, мен Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшаларымды жүргіземін, сонымен қатар жақында Telegram-да парақша аштым. Бұл ақпаратты жылдам жеткізуге ыңғайлы», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қорытындылай келе, Tik Tok командасының өкілдері ақпаратты креативті және ерекше ұсынатын интернет-платформаның алгоритмдері мен ерекшеліктері туралы айтты.

Ссылка на источник: МОН РК