Республика күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды.№106 мектепте өткен зияткерлік сайыста оқушылар ұлттық ойыннан шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және мектептер арасындағы байланысты нығайту.Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.Ұлдар арасындаI орын - Қуаныш Аян (№101 мектеп)II орын - Бұхар Бексұлтан (№114 мектеп)III орын - Сайпулла Бүркіт (№115 мектеп)Қыздар арасындаI орын - Тәңірбергенова Айнел (№100 мектеп)II орын - Сұлтанқызы Дилназ (№110 мектеп)III орын - Жетпис Ляззат (№112 мектеп)Турнирді Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген жас зияткерлерге алдағы жарыстарда табыс тілейміз!
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате