
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости

18.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде APEC Petrotechnic Жоғары колледжі Батыс өңірінде алғашқы жаңартылатын энергетика цехының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа оқу-өндірістік орталық күн панельдерін өндіруге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған, онда студенттер озық технологияларды және практикалық дағдыларды меңгереді.
Колледж студенттері инновациялық жобаларға қатысудан бөлек ақылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бұл мүмкіндік олардың кәсіби тәжірибесін нығайтады.
«Біздің колледжде IWCF аккредитациялық орталығын ашу жоспарлануда, ол халықаралық мамандарды ұңғымаларды қауіпсіз басқару және бұрғылау бойынша даярлайтын болады. IWCF сертификаты бұрғылау процесіне қатысу үшін міндетті және тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де міндетті деп танылған. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл түлектердің халықаралық компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді», — деді колледж педагогы Айнұр Шакенова.
Сонымен қатар, APEC Petrotechnic-те мұнай-газ саласында қолданылатын қондырғылардың шағын нұсқаларымен жабдықталған шеберхана цехы жұмыс істейді. Бұл студенттерге мұнай мен газды бұрғылау, пайдалану және өндіру технологияларын іс жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.
APEC Petrotechnic түлектері Теңізшевройл, Schlumberger, ҚазМұнайГаз және т.б. сияқты жетекші мұнай-газ компанияларында табысты мансап құруда. Колледж әр түрлі салалар үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда.
Ссылка на источник:
МОН РК