Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Орындалды:2025 жылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 9-сынып базасында білім алушылардың 100% - ы қамтылды.
2025-2026 оқу жылында колледждерде мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға артып, 384 мың орынды құрады. Сондай-ақ бір студентке жан басына шаққандағы қаржыландыру 437 мың теңгеден 913 мың теңгеге дейін 2 есеге ұлғаяды.
Айта кетейік, жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың талапкер қабылданады. 2030 жылға дейін 90 мың студентті қамту жоспарлануда.