Сәуір айының 8-12 аралығында Астана қаласындағы №115 орта мектеп базасында 9-11(12)-сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс өтеді. Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылатын зияткерлік шараға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қытай мен Түркиядан 200 дарынды оқушы қатысады.Ғылыми конкурстың негізгі мақсаты -дарынды балаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдер арасында ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар жарыс отандық және әлемдік ғарыштық жетістіктерді насихаттауды және ғарыштық, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Конкурс наноспутниктерді жобалау, құрастыру және стратосфераға ұшыру, жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу, су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру бағыттары бойынша өтеді.Ғылыми конкурс ережесіне сәйкес қорытынды кезең қатысушылары Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате