Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

2026 жылдан бастап дзюдо элементтері Келешек мектептерінде үйірме ретінде енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағының өкілдерін қабылдады

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі, бірнеше дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов пен «Жеңіс» спорт клубының бас директоры Тимур Тұрсынбаевты қабылдады.

Кездесу барысында 2026 жылдан бастап пилоттық негізде «Келешек мектептерінде» дзюдо спорт түрін секциялық форматта іске қосу перспективасы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасының аясында салынып жатқан 217 жаңа форматтағы мектептерде 460 мыңнан астам оқушы білім алады. Бүгінде бұл жаңашыл форматтағы мектептер қазақстандық білім беру жүйесінің инфрақұрылымдық жаңаруының және білім берудегі инновацияларды енгізудің авангардына айналды.

«Келешек мектептерінде сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, шығармашылық, зияткерлік, спорттық үйірмелер арқылы балалардың бойында сыни ойлау, басқарушылық, тактикалық шешім қабылдау, физикалық даму, өзіне талап қою, тәртіпке бағыну, шыдамды болу және төзімділікті дамыту, жеңіске ұмтылу дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға да басымдық берілуі тиіс. Соңғы жылдары дзюдоға қазақстандықтардың қызығушылығы артып, ол танымал спорт түріне айналып келеді, сондықтан министрлік федерациямен ынтымақтастықта жұмыс жасауға ниетті», - деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Өз кезегінде дзюдо федерациясының өкілдері 217 «Келешек мектебінде» ашылатын дзюдо үйірмелері үшін жаттықтырушыларды кәсіби дайындауды, сонымен бірге мектеп залдарын қажетті спорттық құрал-жабдықтармен, қатысушы оқушыларды арнайы кимономен қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алатындарын жеткізді.

Айта кету керек, жобаны жүзеге асыруда әсіресе, ауыл мектептеріне басымдық беріледі.

Ссылка на источник: МОН РК