Министрліктің аппарат отырысында облыстық білім басқармаларының басшылары жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.
Қостанай облысында:• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 49 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 2025 жылға дейін 10,5 мың орындық 9 мектеп салу жоспарлануда;• 2023 жылы құны 170,7 миллион теңге болатын 34 пәндік кабинет сатып алынды;• инклюзияны қолдау үшін 4 жаңа кабинет ашылды; • облыс PIRLS халықаралық зерттеуінде 2-ші орынға, PISA-2022 зерттеуінде оқу сауаттылығы бойынша 1-ші орынға ие болды;• 2023 жылы 30 жаңа мектеп автобусы сатып алынды;• барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді;• отбасы және мектептің тиімді қарым-қатынасын арттыруға бағытталған «Үндестік» өңірлік жобасы іске асырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысында:• Барлығы 37 247 оқушы, соның ішінде 35 035 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді; • 2025 жылға дейін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 2 700 орындық 4 мектеп салу жоспарлануда ; • 5 577 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;• 2023 жылы 55 пәндік кабинет;• 29 жаңа мектеп автобусы сатып алынды; • ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 3 667 орынға ұлғайтылды.
Павлодар облысында:• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 47 747 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;• облыстан шалғай орналасқан елдімекендерде 3 мектеп ашылды;• 54 ауыл мектебі жаңғыртудан өтті;• химия, физика, биология, STEM және робототехникаға арналған 46 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;• апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілді;• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;• 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардағы орындармен қамтамасыз ету 93%-ды құрады;• балабақшалардағы 6 521 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған;•“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 5 400 орындық 5 мектеп салу жоспарлануда; • мемлекеттік мектептер цифрлық оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген;• 69,5 % мектепте интернет жылдамдығы екі есеге арттырылды;• ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 5 705 орынға ұлғайтылды;• колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 98,6%-ға жетті.