Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

1,1 млн-нан астам ауыл оқушылары үшін оқу жағдайлары жақсарды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023–2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді.   Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Осы жұмыстар аясында мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, заманауи пәндік кабинеттер сатып алынды, мектеп жиһаздары жаңартылды, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.   2023–2025 жылдар қорытындысы бойынша: •369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді; •1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды; •2 917 пәндік кабинет сатып алынды; •1 697 мектепте жиһаз жаңартылды; •2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды; •1 401 мектептің асханасы жаңартылды; •1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.   Сонымен қатар 2023–2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде: •2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет); •2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет); •2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет). Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды.   Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды.
Ссылка на источник: МОН РК