Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінен 10 000-нан астам педагог Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алады.Бұл бастама балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамытумен қатар, позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған. Курс қорытындысы бойынша әрбір курс тыңдаушысы өзінің білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін жобалау бойынша кәсіби құзыреттілігінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қорытындылау жұмысын қорғайды.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате